Қаржы министрлігі "Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжатта келесі жылға бекітілетін ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері жарияланды.
- жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 21 907 теңге;
-
зейнетақының ең төмен мөлшерi – 53 076 теңге;
-
айлық есептiк көрсеткiш – 3 450 теңге;
-
базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 40 567 теңге.
Бекітілген шама жәрдемақыларды, айыппұлдар мен салықты, басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылады. Сонымен қатар жасына байланысты және еңбек өтілі үшін зейнетақыға бөлінетін қаражат 10,5 пайызға ұлғаяды. Мұның бәрі тиісті заң жобасына енгізілген. Құжат қазір талқыланып жатыр.
Оставить комментарий