Әлеуметтік желіде Ұлттық мұражайдың бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы суицид жасамақ болғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратқа сай, қолындағы сіңірін жарақаттаған Арыстанбек Мұхамедиұлына медициналық көмек көрсетілген.
Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ақпаратты жоққа шығарды.
"Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті тек 2022 жылғы мамыр айында уақытша ұстау изоляторында болған кезде болды. Содан кейін ол ауруханаға түсті" делінген комитет хабарламасында.
Оставить комментарий