Салқын ауа райы сақталады, кей аймақта қар жауады

/image/2022/09/14/crop-33_31_653x1162_image.jpg

Қазақстанның солтүстік жартысына әлі де Солтүстік-батыс суық антициклоны әсер етіп, салқын ауа райы сақталады. Бұл туралы Қазгидромет хабарламасында айтылады.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбырлы ауа райы сақталады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

"15 қыркүйекте қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша жел күшейеді. 15-16 қыркүйек күндері республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста 5 градусқа дейін үсік күтіледі" делінген хабарламада.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи