Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады.
Министрлік мәліметінше, осы жылдың 8 айында қазақстандықтарға 1,9 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленген. 2022 жылғы тамызда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 244,1 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 169,9 млрд теңге бөлінген.
"2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, 109 224 теңге болды" делінген хабарламада.
Оставить комментарий