"Аманат Қазақстан кәсіподақтар достастығы" республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Мейрам Қажыкен президенттікке үміткерлікке ұсынылды, деп хабарлады ҚазТАГ.
Қажыкенді президенттікке үміткер ретінде ұсыну туралы шешім кәсіподақтар бірлестігінің орталық және атқарушы комитетінің бірлескен отырысында қабылданды. Қажыкен қазіргі таңда "Астана" халықаралық ғылыми кешенінің экономикалық зерттеулер институтының басшысы міндетін атқарып жатыр.
Орталық сайлау комиссиясы Мейрам Қажыкен туралы әзірге хабарлаған жоқ.
Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған. Өткен аптада сайлау 20 қарашаға белгіленген.
Оставить комментарий