Ресей президенті Владимир Путин аннексиялау процесін ресми аяқтап, Украинаның ішінара басып алынған төрт аймағының Ресейге кіруі туралы конституциялық заңдарға қол қойды. Бұл туралы ВВС жазды.
Осы заңдардың негізінде Ресей конституциясына Ресей Федерациясының субъектілері ретінде Херсон және Запорожье облыстары, сондай-ақ Луганск және Донецк "халық республикалары" қосылады деген өзгеріс енеді.
Путин осы арқылы Украина территориясының 15 пайыздан астам жерін өзіне қосуды аяқтады. Дәл осы тұста Ресей әскерлері Украинаның қарсы шабуылын бірнеше бағытта тоқтату үшін күресіп жатыр.
Ал Ресейдің бұрынғы жақтастары аннекцияланған аумақтардың жетекшілері қызметін сақтап қалды.
Алдыңғы күні Федерация Кеңесі шарттарды ратификациялап, өзін-өзі жариялаған ДХР мен ЛХР және ішінара басып алынған Херсон мен Запорожье облыстарын қосу туралы конституциялық заңдарға бірауыздан дауыс берген.
Оставить комментарий