Тоқаев алдағы сайлауға үміткерлігін ұсынды

/image/2022/10/06/crop-15_6_433x770_photo_96013.jpeg
 

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына өзінің үміткерлігі үшін құрылған "халықтық коалиция" атынан түсетінін мәлім етті.

"Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік" деген президент құрылғаны бүгін ғана хабарланған коалицияда "барлық әлеуметтік топтар қамтылған" деп атап өтті.

Бүгін AMANAT партиясының съезінде партия төрағасы Ерлан Қошанов алдағы президент сайлауына қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үміткерлігін қолдау жөніндегі халықтық коалиция құрылатынын мәлім еткен.

AMANAT партиясы съезде Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынған. Бұдан бөлек "Қазақстан Халық партиясы", мәслихаттар депутаттарының республикалық қоғамдық бірлестігі, "Қазақстан спортшылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі, Қазақстанның Азаматтық альянсы, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі, "Qazaqstan Team" қоғамдық бірлестігі, Ұлттық волонтерлік желісі қазіргі президент үміткерлігін ұсынған.

Коалиция туралы кеше президент Павлодар облысына жасаған сапарында айтқан. Ол алдағы сайлауға қоғамдық-саяси күштер коалициясының атынан қатысқанды жөн көріп отырғанын жеткізген болатын.


 
 
 
 
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи