Ресейдегі ұшақ апаты. Зардап шеккендер саны арта түсті

/image/2022/10/18/crop-17_64_511x908_634d82c6807b9.jpg
 

Ресейдің Ейск қаласында болған ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 13, жараланғандар 19 адамға жетті, деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі.

Қаза тапқандардың денесі апат орнындағы қиранды астынан табылған. 68 адам құтқарылып, 360 адам эвакуацияланған.

Кеше Ресейдің Краснодар аймағы Ейск қаласында бомбалаушы Су-34 ұшағы апатқа ұшырап, тоғыз қабатты үйге құлаған. Ұшқыш катапульт арқылы секіріп үлгерген. Апат орнында кемі 4 қабатты шарпыған өрт болған.

Әскери ведомство ұшақ әуеге жаттығу орындау мақсатында көтерілгенін хабарлады. 

ВВС мәліметінше, Су-34 Су-27 үлгісінің жаңартылған нұсқасы, 2014 жылдан бері қолданылып келе жатқан ресейлік бомбалаушы ұшақтардың негізгілерінің бірі. Атталған ұшақ Украинадағы соғыста да қолданылып жатыр.
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи