Жыл басынан бері 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алған

/image/2022/10/22/crop-71_14_637x1132_3e0475218025b1387710c2b1b7a0c42d_1280x720.jpg

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 13 362 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

Министрлік дерегінше, 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 101,2 мың этникалық қазақ оралған.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (68,7%) Өзбекстаннан, 10% – ҚХР-дан, 7,9% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,8% - басқа елдерден келген.

Этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Маңғыстау (16,7%), Түркістан (9%) және Жамбыл (6,5%) облыстарына, сондай-ақ, Астана (7,8%), Шымкент (7,3%) және Алматы (5,8%) қалаларына қоныстанған.

Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 27,5%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 13,2%-ы жоғары білімді, 38,9%-ы арнайы орта білімді, 46%-ы жалпы орта білімді және 1,8%-ының білімі жоқ.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи