"Тұман, көктайғақ, жел". Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

/image/2022/11/04/image.jpg

Қазгидромет алдағы күндері тұрақсыз ауа-райы сақталып, жауын, кей жерлерде қар жауатынын хабарлады.

Атап айтқанда елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында қар жауады. 5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында, 6 қарашада Шығыс Қазақстан облысында қар жауса, 7-8 қарашада елдің оңтүстік облыстарында қар аралас жауын жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшейеді, елдің солтүстік жартысында қарлы боран тұрады. 7 қарашада Солтүстік-батыс антициклонының енуімен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды.

Ауа температурасы:

♦ Батыста түнде минус 5 плюс 5 градус аралығында, күндіз плюс 2-5 градус аралығында болады;

♦ Солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 8 градус аязға дейін күн суытса, күндіз 5 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында ауытқиды;

♦ Шығыста түнде минус 7 мен плюс 2, күндіз минус 3 пен плюс 5 аралығында болады;

♦ Орталықта түнде 0-8 аяз, күндіз 3 аяз, 5 жылы;

♦ Оңтүстікте түнде 0-10, күндіз 3-12 жылы;

Оңтүстік-шығыста түнде 0-8 жылы, таулы аудандарда 0-5 аяз, күндіз 10-15, таулы аудандарда 3-8 жылы болады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи