Киевте орыс тілін мектеп пен балабақшадан толықтай алып тастады

/image/2022/11/11/crop-10_46_392x697_1de8956123eca9d88235bbd268247504-small.jpg

Украина астанасы Киевте орыс тілін мектеп пен балабақша бағдарламасынан толықтай алып тастады. Сәйкес шешім қалалық кеңес сессиясының пленарлық отырысында 64 депутаттың "иә" деп дауыс беруімен қабылданды. Бұл туралы "Народная правда" басылымы жазды.

Білім, ғылым, отбасы, жастар және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия басшысы, депутат Вадим Васильчук Ресеймен соғысып жатқанда коммуналдық мекемелердегі оқу үрдісін орыс тілінде жүргізу мәнсіз екенін айтады.

Депутат бұндай шешім қоғамдағы қысым кернеуін жойып, Ресейдің гибриттік ықпалынан қорғанысты күшейтеді дейді.

Шешімнің жобасы алдағы уақытта орыс тілінде оқитын топтар мен сыныптарды украин тілінде оқытатын формаға көшіру үшін құқықтық процедуралардан өтеді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи