"Боран, жауын-шашын, аяз": Қазгидромет алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

/image/2022/11/21/crop-12_36_1066x1895_15682679_179_-1_2863_1687_1920x0_80_0_0_f7f66f8fb65442898ca87a44a8172c2e.jpg

Қазгидромет синоптиктері 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы 3 күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауады. 22-24 қарашада Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 23 қарашада шығыста қалың қар жауады.

"Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Солтүстікте, шығыста және орталықта - қарлы боран болып, түнде ауа температурасы 17-28 градусқа дейін төмендейді", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи