Жаңадан сайланған президенттің ұлықтау рәсіміне бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Бұл туралы вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
"Президенттің ұлықтауына біз бюджеттен қосымша қаражат бөлген жоқпыз. Өздеріңіз білетіндей, бұл – президенттің ресми түрде Конституциялық заң бойынша президент лауазымына өтуіне байланысты ант беруі. Оған көп қаражат кетеді деп ойлаймын. Сондықтан, оған біздің тарапымыздан көп қаражат бөлінбейді", – деді Жамаубаев.
Оставить комментарий