Ірі алаяқтық істермен айналысқан топ ұсталғаны хабарланды

/image/2022/11/23/crop-18_2_392x697_photo_5471978422222831772_x.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция нәтижесінде алаяқтар тобы әшкереленгенін хабарлады.

Антикор ақпаратында олар мемлекеттік органдар басшыларының сенімді адамдары болып көрініп, азаматтарды адастырып, әртүрлі мәселелердің шешімі үшін пара беруге итермелеу арқылы олардың ақшалай қаражатын ұрлағаны айтылады.

"Топ мүшелерінің бірі азамат Б.Қ. Әбдікерімов соттың санкциясымен қамауға алынды. Басқа қатысушы азамат М.Ж. Тұрановтан «Халықаралық полиция орталығы» («Interpol Center UN») генерал-майорының куәлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде. Аталған адамдардың басқа қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі" делінген хабарламада.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи