Алматыда «Ұлттық және діни дәстүрлердің ұштасуы» тақырыбында дәріс өткізілді

/image/2022/11/28/crop-15_130_713x1268_618bd0984e760.jpg

Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Адам және қоғам» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен  Деструктивті діни ағымдар идеологиясының беделін түсіру және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында қала мешіттерінде дін саласындағы мамандардың қатысуымен діндар әйелдермен кешенді шаралар өткізілуде.

Осыған орай, 5 қазан күні Алматы қаласы Алғабас мешітінде 20-ға жуық діндар әйелдердің қатысуымен «Ұлттық және діни дәстүрлердің ұштасуы» тақырыбында дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында, қатысушылар дәріс берушіге өзекті сұрақтарын қойып, тақырып бойынша талқыланулар жүргізіліп қанағаттанатындай жауаптарын алып отырды. Дәріс кезінде дін мен дәстүрдің айырмашылығы туралы айқындалып айтылды. Дін ол адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет, және әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық екені туралы және дініміз бен дәстүріміз өзара ұштасып жатқаны жайлы қатысушыларға жеткізілді.

Жоғарыда атап өтілген іс-шара бойынша, филос.ғ.к., әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Қантарбаева Жанна Орынбасаровна тақырып бойынша дәріс оқыды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи