Қазақстанда "Байтақ" атты жаңа партия мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы саяси ұйымның жетекшісі Азаматхан Әміртай facebook парақшасында жазды.
"Әділетті Қазақстанға сенімді қадам – "Байтақ" жаңа партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы тарапынан көппартиялы жүйе құру тапсырмасы болды. Айтылды – орындалды! Әділетті Қазақстанның алғашқы партиясы – нағыз халықтың қолдауымен, қоршаған орта жанашырларының басын қосқан, азаматтық белсенділердің бастамасымен құрылған "Байтақ" партиясы", – деп жазды Азамат Әміртай.
Партияның тіркелгені жайлы ақпаратты еліміздің Әділет министрлігі ресми растады.
Тәуелсіз сарапшылар "Байтақ" саяси реформа имитациясын көрсету үшін құрылған билікшіл партия екенін айтады.
Оставить комментарий