2023 жылдан бастап ең төменгі жалақы 70 мың теңге болады

/image/2022/12/14/crop-21_5_558x991_b03cfdcf259d83c0_w-1024x576.jpeg

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге өседі. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты. 

Ресми дерек бойынша, елімізде 1,8 миллионға жуық адам ең төменгі жалақыға күн көріп отыр. Қазір ең төменгі жалақы – 60 мың. 

"Биыл инфляцияның жоғары деңгейі халықтың табысына теріс әсерін тигізіп отыр. Бұған қоса, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін өсірілетін болады", – деді вице-министр.

Бұған дейін екі жыл бойы елдегі ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге болған.

Қаржыгер Жалғасбек Ақболат ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі ел экономикасына, халықтың әл-әуқатына айтарлықтай әсер етпейтінін айтады. Тек ғылым саласында, кандидат науктардың табысына бір төменгі айлық есебінде, ал профессорларға екі төменгі айлық есебінде ақша қосылады. Бұдан бөлек салықтан жалтарып жалақының бір бөлігін ресми түрде төменгі жалақы мөлшерінде, бір бөлігін қолма-қол беретін кәсіпорындар есебінен ақша айналымы сәл артатынын оң әсерге жатқызады сарапшы.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи