Қаржы мониторинг агенттігі Козачковтың пәтерін тінтуге қатысты түсініктеме берді

/image/2022/12/20/crop-57_6_635x1129_fyju17hgrxozita1bcq0dyk5tqfeing93gf87udj.jpg

Қаржы мониторингі агенттігі журналист Михаил Козачковтың ісі бойынша тергеу тобының процессуалдық әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігіне қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, журналистің пәтерінде тінту ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 254-бабының талаптары бойынша жүргізілген.

"Оны жүргізудің негізділігі мен қажеттілігін тергеу соты тексеріп, қорытындысы бойынша санкция берілді. Бұл тергеу әрекеті пәтер иесі тікелей пәтерде болған кезде, куәгерлермен жүргізілді. Тінту барысы бейнекамераға түсірілді. Өтініш қорғаушылардың қатысу қажеттілігі айтылмаған" деді ҚМА өкілдері.

ҚМА журналисті қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қылмыскерлерге болысты, ақпараттық шабуыл ұйымдастырды, жалған мәлімет таратты, адам беделіне нұқсан келтіретін мақалалар жариялады, мемлекеттік құпияға жататын ақпараттарды жинап, таратты деп айыптап отыр. Орган дерегінше, журналист осы қызметі үшін қомақты сыйақы алған. 

Бірқатар белсенді азаматтар мен Козачковтың әріптестері болып жатқан оқиғаны құқықтық сала, сот жүйесі туралы өткір жазатын журналистің аузына қақпақ болу әрекеті деп санайды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи