"Хабарды" енді "Самұрық-Қазына" қаржыландыратын болады

/image/2022/12/22/crop-59_36_742x1319_5e7467f14c334206764912.jpg

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысының жобасына сай, енді  "Хабар" агенттігін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландыратын болады деп жазады informburo.kz  порталы.

Қаулы жобасының түсіндірме жазбасына сәйкес, бастама "Хабар" агенттігінің рейтингін көтеруге, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру сапасын арттыру үшін жасалып отыр.

Сондай-ақ, агенттіктің коммерциялық кірісі де артады деп болжам жасалған.

"2022 жылғы 13 сәуірдегі № 22-2314 бұрыштамаға сәйкес ҚР президенті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамын қаржыландыруына келісімін береді" делінген қаулы жобасының түсіндірме жазбасында.

Қаулы жобасы Ашық НҚА порталында 2023 жылғы 9 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи