Adal партиясы қызметін тоқтатты. Бұл туралы әділет министрлігі хабарлады, деп жазады КазТАГ агенттігі.
Азаматтық кодекстің 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 20 желтоқсанда Adal саяси партиясы ресми түрде қызметін тоқтатқаны туралы құжат тіркелген. Мұндай шешімге партияның 2022 жылғы 17 наурызда өткен кезектен тыс съез бен "AMANAT" партиясының 2022 жылғы 26 сәуірде өткен кезектен тыс ХХІІІ съезіндегі шешім негіз болған. Осылайша, Adal партиясы толықтай AMANAT партиясының құрамына өтті.
"Әділет" және "Руханият" партияларының бірігуі нәтижесінде құрылған партия тіркелген 2013 жылғы 26 сәуірде "Бірлік" деген атпен тіркелген.
2021 жылғы парламент сайлауы қарсаңында партия ребрендинг жасап, "Adal" деген атты алды. Сайлау компаниясы кезінде журналист Мақсат Толықбай, блогер Дәулет Мұқаев секілді елге белгілі адамдарды қатарына тартып, үгіт-насихат жұмысын белсенді жүргізген.
Алайда сайлау нәтижесі бойынша мәжіліске өтуге мүмкіндік беретін 7 пайызды жинай алмай, парламентке өкілін жібере алмады.
Партияның бет-бейнесіндей болып кеткен Мақсат Толықбай партия келесі сайлауға дейін қалың ұйқыға кететін партия болмайды, жұмысы жандана береді деген сыңайда пікір білдіргенімен, биыл наурыз айында партия саяси кеңесі AMANAT-қа қосылатынын мәлім етті.
Оставить комментарий