Сот блогер Мейіржан Төребаевты үй қамаққа шығарды

/image/2022/12/26/crop-8_9_353x628_82b7373debd5dac163a7b245dd6181d1_resize_w_742_h_365.jpeg

Судья Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша айыпталған Мейіржан Төребаевтың адвокатының өтінішін қанағаттандырып, бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үй қамағына ауыстырды. 

«М.Төребаевқа қатысты бұлтарпау шарасы үй қамақта ұстау шарасына ауыстырылды.Сот отырысы 9 қаңтар күні сағат 10:00 ге тағайындалды», - делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында.

Сот үкімі шыққанға дейін ол енді үйқамақта болады.  Сондай-ақ Төребаевқа мекен жайын ауыстыруға, әлеуметтік желіні пайдалануға, журналистермен тілдесуге тыйым салынды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи