Сенат сайлауына 55 кандидат ұсынылды

/image/2023/01/12/crop-10_25_666x1184_5f4dede68dee7330666999.jpg

14 қаңтарда өтетін Сенат депутаттары сайлауына республика бойынша 55 кандидат түседі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров хабарлады. 

"Сайлау комиссиялары берген мәліметке сүйенсек, сайлау бюллетеньдеріне жалпы 55 кандидат енгізілген. Алматыдан – 4 кандидат, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының әрқайсысынан екі кандидат қатысады. Қалған аймақтар мен Шымкент, Астана қалаларынан үш кандидаттан қатысады", - деді Нұрлан Әбдіров.

Сенат депутаттарын сайлаушылар тізіміне 3 168 депутат тіркелген. Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлау учаскелері сағат 10:00-де ашылып, дауыс беру сағат 11:00-де басталады.

Еске салайық, 14 қаңтарда Сенат сайлауы өтетін болады. Жоғары палата депутаттарын жергілікті маслихат депутаттары сайлайды. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи