"Алтын Орда" базарының басшыларына халықаралық іздеу жарияланды

/image/2023/01/16/crop-18_37_1066x1894_hj9h498xnkkojm4cicqozv1pzgs3fxa49pl9swsm.jpg

Алматы маңындағы "Алтын орда" базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды. Күдіктілерді "Алтын Орда" базары орналасқан Алматы облысы Қарасай ауданының криминалдық полиция бөлімі іздеп жатыр.

тол

Күдіктілердің барлығы қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша айыпталған.  Іздестіріліп жатқан тізімдегі: 

Данияр Әпдіғапаров, 1982 жылғы;
 
Жұмадин Патов, 1982 жылғы;
 
Қанат Жақаев, 1984 жылғы;
 
Айдос Нұрқалиев, 1986 жылғы.

Прокурорлар күдіктілер бұрынғы "Алтын орда" басшылығының мүшелері болғанын және оларды іздестіру базар сатушыларының шағымына байланысты екенін атап өтті. Сатушылар бұрын салынып жатқан павильондағы сауда орындарын алу үшін бұрынғы әкімшілікке қомақты ақша төлегенін айтқан. Алайда ғимарат тұрғызылмаған, ал адамдар сауда алаңдарынсыз және ақшасыз қалған, базарға жаңа басшылық келген.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи