Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 900-ден асты

/image/2023/02/06/crop-0_3_360x640_928189ca3b915e31cd5e83220d980c7b_resize_w_742_h_365.jpg

Түркияда жер сілкінісінен 900 -ден аса адам қаза тапты, 5 мыңнан астамы жараланды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған хабарлады. 

"Бүгін болған жер сілкінісі 1939 жылғы Эрзинджань жер сілкінісінен бері Түркия тарихындағы ең үлкен апат болды. Өкінішке қарай, қаза болғандар саны 912-ге жетті", - деді Ердоған.

Оның айтуынша, жел сілкінісі болған қалаларда 2818 ғимарат құлаған.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанға көңіл айтып, Үкіметке Түркиядағы зілзалаға қатысты шұғыл көмек көрсетуді тапсырды. Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи