Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Мұндай шешім премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында қабылданған.
Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінбек.
Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек.
Оставить комментарий