Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі қайтыс болды

/image/2023/02/10/crop-8_110_659x1171_scale_1200.webp

Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасқа қараған шағында қайтыс болды. 

Ол 1951 жылы 30 наурызда Ресей Федерациясының Приморск өлкесіндегі Лесозаводский қаласында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша, сондай-ақ Алматы жоғары партия мектебін және Ресей Ғылым академиясының Экономика институтын бітірген. Еңбек жолын Шымкент облысы Түлкібас ауданында Куйбышев атындағы ұжымшардың бас инженері болып бастаған. 

Сергей Терещенко 1991 жылдың 16 желтоқсанынан 1994 жылдың 14 қазанына дейін Қазақстанның премьер-министрі болған. 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи