Қазақстанда кедейлер саны көбейіп барады

/image/2023/02/17/crop-0_33_1011x1797_photo_291966.jpg

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев парламенттік тыңдауда халықтың күнкөрісі төмендегенін айтты. Спикердің сөзінше, қазақстандықтардың шамамен 5%-ының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды.

"Өңірлерді дамыту аясындағы тағы бір маңызды міндет – халықтың табысын арттыру. Азаматтардың әл-ауқаты және олардың табысын арттыру – реформалар тиімділігінің басты көрсеткіші. "Әділетті Қазақстанның" басты тұғырының бірі – ұлттық табысты әділ бөлу. Қазіргі таңда ел халқының жартысы барлық кірістердің үштен біріне ғана қол жеткізіп отыр. Өкінішке қарай, 12 өңірде азаматтардың табысы аз халықтың саны ұлғайып келе жатқаны байқалып отыр. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және басқа да облыстар туралы айтып отырмыз", деді Әшімбаев. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи