Тіркелмеген Демократиялық партияның өкілі, құқыққорғаушы, журналист Инга Иманбай мәжіліс сайлауына кандидат ретінде тіркелгенін растайтын сәйкес құжатты алды.
"Жаңа ғана Алматыдағы бір мандатты №3 сайлау округінен мәжіліс депутаттығына үміткер деген құжатымды алдым. Алла бұйыртса, ертең сағат 18-00 сайлау алды үгіт насихат жұмысы басталады. Барлық мәселені сол кезде айтармыз. Әділ, ашық сайлау болса, күреске біз дайынбыз!" деді журналист facebook парақшасында.
Инга Иманбай мәжіліске Алматы қаласындағы №3 сайлау округінен мажоритарлық тәртіп бойынша өзін-өзі ұсынғандардың бірі.
Биылдан бастап парламент аралас жүйе бойынша жасақталады. Жаңа құрамның 70 пайызын партиялық тізім бойынша сайланғандар, 30 пайызын мажоритарлық тәртіп бойынша сайланғандар құрамақ.
Оставить комментарий