"Қазақстанды қазақтардан кем жақсы көрмеймін": Татар қызы қазақтарға алғыс айтты

/image/2023/03/01/crop-2_5_328x583_e61a6ea2240387b414bede5c86d2f449.jpg

2016 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына орай 1 наурыз – "Алғыс айту" күні болып жарияланды. Бұл – еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына алғысын айтып, ризашылығын білдіретін күн. Осыған орай Qamshy.kz ақпарат агенттігі Абай педагогикалық университетінің 1 курс студенті Рахия Мерхатқызынан шағын сұхбат алды. 

Рахияның ұлты татар болғанымен, қазақшасы – өте жақсы. Көбі қазақша еркін сөйлегінін көріп қазақ деп ойлайды екен. 

"Ұлтымның татар екенін естігенде көбісі таңғалады, ризашылығын білдіреді. Жалпы тіл үйрену қиын болмады. Ата-анам қазақ мектебінде оқытқандықтан, қазақ тілді ортада өстім. Үйде де қазақ-татар тілінде сөйлей береміз. Кейбір өзге ұлт өкілдері қазақша үйренуді қиынсынып жатады. Мен мұнымен келіспеймін. Үйренуге ниет болса жеткілікті", дейді студент қыз. 

Рахия Мерхатқызының ата-анасы тың игеру жылдары Қазақстанға қоныс аударған. 

"Ата-анам Қазақстанда отау құрды. Өзім Семей қаласында дүниеге келдім. Әке-шешем мұғалім. 20 жылдан бері орыс мектебінде сабақ беріп келеді. Қазақстанды қазақтардан кем жақсы көрмеймін. Болашақта қандай жоспар құрсам да, осы елде қалатыныма  сенімдімін. Қазақтар – өте қонақжай халық. Сондықтан бүгінгі Алғыс айту күнін пайдаланып, барша татар ұлтының атынан қазақ халқына шын жүректен алғыс білдіремін!", деп сөзін қорытындылады Рахия. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи