Доллар 10 теңгеге арзандады

/image/2023/03/03/crop-16_14_784x1394_1582804984-1827fc15881ff3374ee6437c4373a17cc.jpg

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар құны 2 күн ішінде 10 теңгеге арзандаған. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 4,45 теңгеге төмендеп, 1 доллар 431,08 теңге болды.

Ұлттық банктің 3 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 435, 69 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 432 теңге, сатып алу – 436 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 432 теңгеден болса, сатып алу – 435,5. Алматыда Ресей рублі 5,65 – 5,9 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,62 - 5,72 теңгеден сатылып жатыр.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи