Алматыдағы "ЦУМ" сауда орталығында "Muqajan" дүкенінің ашылу салтанаты өтті. Аталған дүкен қазақы бұйымдарды сатумен айналысып және ою-өрнекті дәріптеп жүрген ұлттық брендке айналған.
Салтанатты кешті танымал актер Дәулет Бижанов жүргізді. Сондай-ақ шараға танымал блогер Бейбіт Әлібеков, қазақстандық әншілер Динара Қырықбаева мен Нұржан Керменбаев қатысты.
"Muqajan" дүкенінің негізін қалаушы Алмас Мұқажан компанияның құрылғанына 10 жыл толғанын айтып, бүгінге дейін қолдау көсеткен жақындарына алғысын айтты. Ол ұлттық нақыштағы бұйымдарды әлемдік нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.
Оставить комментарий