Елдің 2 өңірінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды “Қазавтожол”.
Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілген.
Қарағанды облысында "Алматы-Екатеринбург" тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Оставить комментарий