9 наурыз – Ерекше ойлау қабілеті бар адамдар күні. Әлемді өзгерткен ұлы жаңалықтар ашып, адамзат тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлғалардың көбісі осы қасиетке ие болған деседі.
Генрих Шлиман
Археолог Троя қаласын тапты. Бұған дейін бұл шаһардың атауы, тек ежелгі грек мифтерінде ғана кездескен. Ондай қаланың тарихта болғанына жұрт сенбейтін. Алайда, Генрих Шлиман аңыз-әңгімелерді пайдаланып, қазба жұмыстарына кіріседі және құм астында қалған шаһардың «Троя» екенін дәлелдейді.
Стив Джобс
Apple компаниясының негізін қалаған атақты кәсіпкер Стив Джобс ерекше ойлау қабілеті арқылы өзі күткеннен де асып түсетін өнімдер жасап шығарған. Ол мүмкін емес нәрсені жасаудан қорықпайды. Жаңа өнімнің келбетіне аса мән беруге тырысады.
Никола Тесла
Ерекше ойлау қабілеті бар әйгілі өнертапқыш - Никола Тесла. Ол айнымалы тоқ жүйесін жасап шығарған. Тесла өмірінің соңғы күндеріне дейін ғылым жолында қызмет етіп, басқа да өнертабыстардың авторы атанған.
Оставить комментарий