2019 жылдың маусымында өткен президент сайлауында екінші орын алған белгілі саясаткер Әміржан Қосанов Қамшы порталына эксклюзивті сұхбат берді. Сұхбатта ол өзінің бүгінгі өмірі туралы сөз тарқатып, елдегі бірқатар өзекті мәселелерге қатысты пікірін білдірді.
Сондай-ақ, Әміржан Қосанов бүгінгі саясаткерлердің, оның ішінде, сайлауға түсіп жатқан кандидаттардың өзінен кеңес алып жүргенін айтты. Бүгінгі шенділердің арасында кімдермен араласатынына да тоқталды. Біздегі оппозицияның кемшілігін тарқата келе, өз жолында жіберген қателіктерімен бөлісті.
"Ескі Қазақстан жалғасып келе жатыр, Жаңа Қазақстанға аяқ басарда кібіртіктеп тұрмыз. Жүйе жақсарып келе жатқан сияқты. Бірақ Тоқаев осы құраммен, осы саяси шешімдерімен қала берсе, Жаңа Қазақстанды көрмеуіміз мүмкін. Себебі жағымпаздықтың екінші кезеңі басталды. Ескі Қазақстан өкілдері Жаңа Қазақстанды құрып жатыр", - деп мәлімдеді Әміржан Қосанов.
Сұхбаттың олық нұсқасын Qamshy TV арнасынан көре аласыздар.
Оставить комментарий