Ресей президенті Путин Қазақстанның 5 азаматын "Александр Пушкин" медалімен марапаттады. Бұл туралы Ресей Федерациясының ресми сайтында жарияланды.
Медаль қазақстандықтарға ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін жақындастырудағы жемісті қызметі үшін табысталған.
Олардың ішінде:
▪ "Астана Опера" опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров;
▪ Шымкент қалалық Орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий;
▪ "Славяндар" қоғамдық-мәдени орталығының төрағасы Галина Щербакова;
▪ Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Валерия Крымская;
▪ Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов бар.
Оставить комментарий