Үкімет отставкаға кетті

/image/2023/03/29/crop-0_136_1125x2000_admin_2019_03_20_1529142669_article_b_1500_.jpeg

Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Президент Қасым–Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп мәлімдеді Ақорданың ресми сайты.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4 бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген құжатта. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи