Тоқаев Марат Ахметжанов пен Руслан Жақсылықовты өз қызметінде қалдырды

/image/2023/04/03/crop-7_7_888x1579_mycollages-19.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты өз қызметінде қалдырды. 

Жарлық бойынша Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды. 

Сондай-ақ Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымында қалды. Руслан Жақсылықов бұл қызметті 2022 жылдың қаңтар айынан бастап атқарып келеді. 

Еске салсақ, бұған дейін  2022 жылдан бері Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарып келе жатқан Әлихан Смайылов та өз қызметіне қайта тағайындалған болатын. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи