Әлнұр Ильяшевті полиция ұстап алып кеткені хабарланды

/image/2023/04/12/crop-91_40_319x567_568ce9a2-325b-48ff-94d1-060ae77fb884.jpeg

Алматыда белсенді, Халықтық парламент өкілі, заңгер Әлнұр Ильяшев ұсталды.

Оны Алмалы аудандық полиция басқармасына алып кеткен, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Әлнұр Ильяшев те 9 сәуір күнгі митингке байланысты айыпталған.

Бұған дейін 9 сәуір күнгі әділетсіз сайлауға қарсы митингке байланысты саясаткер Мұхтар Тайжан, журналист Лұқпан Ахмедияров ұсталған еді. Сот Тайжанды "бейбіт жиын заңын бұзғаны үшін" 15 күнге қамады. Ал Лұқпан Ахмедияровтың ісі бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілген болатын. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи