ҚазМұнайГаз компаниясы Жаңаөзендегі жарылыс салдарынан баспанасыз қалғандарды жаңа пәтермен қамтамасыз ететінін мәлімдеді.
"Баспанасыз қалған отбасылар жаңа пәтерге ие болады, зардап шеккендерге жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып көмек көрсетіледі", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
ҚазМұнайГаз жарылыс салдарынан қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің қайғысына ортақ екенін де жазды.
Еске сала кетейік, бүгін Жаңаөзендегі қос қабатты тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, бір адам қаза тапқан болатын. Сонымен қатар, жарылыс салдарынан 11 адам зардап шеккен.
Оставить комментарий