Інжілді қазақша оқыған шіркеу қызметкері: Қазақстанның болашағы – қазақ тілі

/image/2023/04/21/crop-2_173_1141x2029_341759095_757522849290795_4702161272975438936_n.jpg

Пасха мерекесінде Інжілді қазақ тілінде оқыған шіркеу қызметкерінің видеосы әлеуметтік желіде тарады. "Киелі кітапты" қазақша оқыған Иаков Воронцов қазақ тілін үйренуге не себеп болғанын айтты. 

"Шіркеуге христиан дінін ұстанатын қазақтар да келеді. Сондықтан қазақ тілінің элементтерін қосуға тырыстым. Құдаймен де қазақша сөйлесуге тырысамын. Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылғынан кейін кімнің жағында екенімді анықтауым керек болды"– деді Иаков.

Ол Азаттық Радиосына өз көршілеріне басқыншылық жасайтын отаршыл мемлекетті емес тәуелсіз Қазақстанды таңдағанын айтқан.

"Біз болашығымыз үшін күресуміз керек екенін түсіндім. Ал Қазақстанның болашағы – қазақ тілі. Бұл – көпұлтты мемлекетіміздің татулығының кепілі. Құжатымызда қандай ұлт жазылса да, қазақстандықтар үшін кім екенін анықтайтын құрал – қазақ тілі. Осыны түсінгеннен кейін қазақ тілін қарқынды түрде үйрене бастадым" – деді шіркеу қызметкері.

Оставить комментарий

Связанные Статьи