Қазақстанда төрткүндік жұмыс аптасы енгізіледі

/image/2023/04/24/crop-54_22_672x1195_emxrenmb.jpg

Қазақстанда шілдеден бастап төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі. Бес және алты күндік жұмыс апталары да сақталады. 

Жұмыс аптасының ұзақтығын жұмыс беруші мен қызметкер өзара келісім негізінде белгілейді. Сонымен қатар, үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде жылына жүз жиырма сағаттан, айына он екі сағаттан аспауы тиіс.

Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында жалпы демалыс күні жексенбі болып табылады.

"Бес күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартпен немесе еңбек тәртібімен белгіленеді"– делінген Заңда.

Әзірлеушілердің пікірінше, бұл тәжірибе кеңсе қызметкерлеріне қолданылады және еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи