Түрксіб ауданының сотында Алматы әуежайы желілік полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Талғат Тәліповқа қатысты сот үкімі шықты.
Алматы қалалық соты Талғат Тәліповті қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Судья сотталушыны 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, ол полиция подполковнигі атағынан айырылды.
Қылмыстық іске сәйкес, Тәліповтің кесірінен әуежай аумағында сауда нүктелері бар кәсіпкерлерге жалпы сомасы 414 млн теңгеден астам материалдық шығын келген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оставить комментарий