Қазақстанға санкция салуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі басшысының көмекшісі Элизабет Розенберг хабарлады. Ол егер Қазақстан Ресейге көмектесетін болса санкция салынатынын ескертті.
"Біз қазақстандық әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынастамыз. Осы тәуекелдерді нақты көрсету үшін Қазақстаннан келген әріптестермен үнемі байланыста боламыз" деп хабарлады Элизабет Розенберг.
Элизабет Розенберг Ресейдің экспорттық бақылаудың шектеулерінен жалтаруына Қазақстан көмектесетін болса салдары ауыр болатынын ескертті.
АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі сонымен қатар Ресей Федерациясының "сәтті болған" санкциялардан жалтару әрекеттеріне байыпты қарау керек деп қосты.
Оставить комментарий