Журналист Думан Мұхаметкәрім тағы да 25 тәулікке қамалды

/image/2023/05/02/crop-69_57_498x885_04020000-0aff-0242-21f6-08daac388fc1_w1023_r1_s.jpeg

Журналист Думан Мұхаммедкәрім "бейбіт жиын тәртібін бұзды" деген айыппен 25 тәулікке қамалды. Бұл жөнінде адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

Адвокаттың хабарлауынша, Думан Мұхаметкәрімге хабарласқан полиция қызметкері ӘҚБтК-нің 488-бабын (ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) бұзғанын және осыған байланысты Іле аудандық полиция бөліміне "хаттаманы толтыру үшін" келуін сұраған. 

Ал адвокат Ғалым Нұрпейісов журналистің ешқандай митингіге шақырмағанын, шешімді апелляцияға беретінін айтты. 

Еске сала кетсек, 15 сәуірде Думан Мұхаметкәрім 25 күндік әкімшілік қамаудан босап шыққан еді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи