2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда сыбайлас жемқорлық үшін 414 адам сотталған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8 пайызға аз. Алайда әрбір сотталған төртінші адам ішкі істер органдарында жұмыс істейді.
Жемқорлыққа айыпталған шенеуніктердің көпшілігі Астанада тіркелген. Олардың жалпы саны – 64. Ал Алматыда 55, Түркістан облысында 37 адам жемқорлықпен айыпталған.
Жемқорлық үшін сотқа тартылғандардың басым бөлігі – ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері. Informburo мәлеметінше, олардың саны 103 адамды құрайды.
Оставить комментарий