"ҚР Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізілмек.
Ашық НҚА порталында жарияланған Жарлық жобасы бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталмақ.
Бұл өзгеріс "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" ҚР Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты енгізілген.
Жарлық жобасы 14 маусымға дейін ашық талқыда болады.
Оставить комментарий