Абай облысындағы өрт сөндіру кезінде тағы бір орманшы жоғалып кетті

/image/2023/06/12/crop-75_7_605x1075_imgonline-com-ua-black-white-scw4mtseaxw.jpg

Долонский орман шаруашылығының трактор айдаушысы Архипов Сергей Николаевич өрт сөндіру жұмыстары кезінде жоғалып кетті. Жергілікті әкімдік орманшымен 9 маусымнан бері байланысқа шыға алмай отыр. 

"Іздестіру жұмыстарын жүргізуге көмек сұраймыз. Трактор нөмірі – F 937 ARE. Шақыру белгісі – "Марал 61". Далон бөлімшесінен шыққан өртті сөндіру үшін Қаштаққа кеткен. Соңғы рет 9 маусым күні байланысқа шықты", – деп хабарлады oo_osa_semey_vko Instagram парақшасы.

Бұған дейін Абай облысындағы өрт сөндіру кезінде 14 адам мерт болып, жалпыұлттық аза тұту күні жарияланған болатын. 

 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи