Биыл бірінші сыныпқа баратын оқушылардың 70 пайызы қазақ тілінде білім алуды таңдаған

/image/2023/06/15/crop-11_5_382x679_1534044535_2018081112294264431_84df65764fe586f10e381bfcaf45e2ca.jpg

Мектеп табалдырығын аттауға өтініш бергендер қатары 250 мыңға жуықтады. Оқу–ағарту министрлігінің айтуынша, биыл балалардың 70 пайызы мемлекеттік тілде білім алуды таңдаған. 

Елімізде 1 сыныпқа қабылдау сәуір мен тамыз айларының біріне дейін жалғасады. Қазірдің өзінде 249 737 өтініш түсіпті. Оның ішінде балалардың 70 пайызы қазақ тілінде оқытуды таңдаған.

"Биылғы бірінші сыныпқа қабылданушылар арасында мемлекеттік тілде оқығысы келетіндер көп. Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша Қызылорда 94,1%, Маңғыстау 93,2%,  Ұлытау 82,5%, Түркістан 80,6% және Жамбыл 79,4% облыстары ең жоғары көрсеткішпен алда тұр", – деді комитет төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау Еgov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи