Шымкенттіктер қаржы пирамидасына 83 млн теңге салып жіберген

/image/2023/06/15/crop-333_179_1018x1811_e03a95012d4f5e46fbd6857c4ac.webp
 
Шымкент қаласының тұрғындары Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасына 83 млн теңге салып жіберген. Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды.

Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40 тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған. 

Еске сала кетейік, Қазақстанда "қаржы пирамидасын құру" бойынша қылмыскерлерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи