Абай облысындағы өрт толық сөндірілмеді

/image/2023/06/19/crop-12_57_658x1171_6319c61fbe7f9675747483.jpg

18 маусым кешкі жағдай бойынша ТЖМ мен ЭТРМ бірлескен күштерімен аэровизуалды ұшу және қарауылдау барысында анықталған түтін шығып жатқан орындардағы өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазір ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен жергілікті жерге мониторинг жүргізілуде. 

500-ден астам адам, 167 техника, 6 әуе кемесі жұмылдырылған. 3 елді мекенде (Талица, Успенка, Бородулиха) орнатылған командалық-штабтық автомобильдер есебінен бейнесуретті нақты уақытта жібере отырып, өрттің периметрі бойынша жағдайдың мониторингі қамтамасыз етіледі.

Өрт басталғалы бері барлығы өрт ошақтарына 2 707 рет көлемі 7 951 астам тонна су төгілді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи